Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең көрнекті суасты музейлерін білесіз бе?

14.01.2023, 15:00 582

1. Канкун музейі. Мексика

«Museo Subacuatico de Arte» музейі 2010 жылы 27 қарашада ашылды. Кариб теңізінің түбінде, курорттық Канкун қаласының маңында орналасқан. Музей 420 м² аумақты алып жатыр. Мүсіндер 2-10 метр тереңдікте орналасқан. Су астында 500-ге жуық мүсін бар. Оның 487 мүсінін музейдің негізін қалаушы Джейсон де Кайрес Тэйлор жасаған. Мүсіндердің көпшілігі адам пішіні, бірақ машина мен үйлерді де кездестіре аласыз. Музей екі бөлімнен тұрады – Machones пен Punta Nizuc көрмесі. Бірінші бөлімде жәдігерлер – 10 метр, екіншісінде 2 метр тереңдікте орналасқан.

2. Лансарот музейі. Испания

«Museo Atlantico» – Джейсон де Кайрес Тейлордың 2017 жылы Испанияда жасаған жобасы. Еуропадағы алғашқы және жалғыз суасты музейі. Көрме Атлант мұхитының түбінде орналасқан. Ауқымының үлкендігімен кез келген адамды таңғалдырады. 2500 м² аумақты алып жатыр. Мүсіндер 12-15 метр тереңдікте орналасқан. Музейден 300-ге жуық мүсінді кездестіре аласыз.

3. Кораллариум музейі. Мальдив аралы

Джейсон де Кайрес Тейлор Мальдив аралына тағы бір музей салған. Мүсіншіні су асты әлемі қызықтыратыны белгілі. Тейлордың айтуынша, бұл оның ең ауқымды жобасы. Музей 2 бөлімнен тұрады. Мүсіндер су астында және су бетінде орналасқан. Музейде 14 ескерткіш бар.

4. Байя музейі. Италия

1700 жылдан астам уақыт су астында тұрған мәрмәр мүсіндер, фонтандар, үйлер мен ғибадатханаларды тамашалауға болады. Везувий жанартауының әсерінен Байя қаласының бір бөлігі суға батып кеткен. Нәтижесінде қала су асты музейге айналды. Бұл әлемдегі ең керемет су асты музейі болып саналады.

5. Су асты әскери техника музейі. Иордания

2019 жылы Иорданияда су астындағы әскери музей ашылды. Ол Қызыл теңіздің түбінде, Акаба жағалауында орналасқан. 3 метр тереңдікте ХХ ғасырдың танкілері, «AH-1°F Cobra» тікұшағы мен машиналарды кездестіресіз, 19 әскери техниканы көре аласыз. Бір қызығы суды ластамас үшін барлық зиянды материалдарды техникалардан алып тастаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: