HALYQLINE.KZ 05.01.2023 жылы жергілікті уақытпен сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын кесіп, құқықбұзушылыққа жол бермеді.
Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған Ә. есімді азамат, мекеме қамауында отырған, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен айыпталушыға сәлемдеме әкелген досы болып шықты. Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем-сауқаттарды жіті қадағалау барысында, ыстық тағамының ішінен фольгаға оралған 1 дана флешканы жасырып қойғанын анықтады.
Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ-481-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!