Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Самса ішінен флешка табылды

06.01.2023, 16:20 148

HALYQLINE.KZ 05.01.2023 жылы жергілікті уақытпен сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын кесіп, құқықбұзушылыққа жол бермеді. 

 Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ  болған  Ә. есімді  азамат, мекеме қамауында  отырған, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен айыпталушыға сәлемдеме  әкелген досы болып шықты. Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем-сауқаттарды жіті қадағалау барысында, ыстық тағамының ішінен фольгаға оралған 1 дана  флешканы жасырып қойғанын анықтады.

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ-481-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: