Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теміржол вокзалы бір жолаушы үшін 3 жыл жұмыс істеген

10.12.2022, 12:00 605

HALYQLINE.KZ Бірнеше жыл бойы Жапонияның Хоккайдо аралындағы Ками-Ширатаки станциясында бір-ақ жолаушы – оқушы қыз пойыз күтіп тұрады екен. Пойыз ол жерге күніне екі рет қана, қызды оқуға апарып, оқу күні аяқталғаннан кейін әкеліп тастау үшін тоқтайды.

2013 жылы Жапония теміржол басқармасы жолаушылар тасымалының аздығына және аудандағы жүк тасымалының азаюына байланысты Ками-Ширатаки станциясын жабу туралы шешім қабылдады.

Алайда бір ғана қыздың мектепке күн сайын осы пойызбен жетуі керек екені белгілі болған кезде, жыл сайын жөнделіп, қыста алаңқай қардан тазартылатын болған, және станцияны жабу туралы шешімдерін өзгерткен. Тасымалдау кестесі қыздың сабақ кестесіне тікелей байланысты жоспарланған. Ками-Ширатаки станциясы 2016 жылдың наурыз айына дейін істеп, кейін қыз мектепті бітірген соң жабылды.

Жазба Дархан Ерназаровтың парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: