Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Батырды еске алу іс-шарасы өтті

28.11.2022, 16:45 542

 HALYQLINE.KZ Биыл аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толды. Осы мерейлі күнге орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында әскери қолданбалы спорт түрінен қалалық сайыс өтті.

Алғашқы әсери дайындық мұғалімдері облыстық сайыстың қалалық кезеңінде АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондарымен жарақтау, ИЖ-38 пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа ату, команда жетекшілері сайысы, пневматикалық винтовкадан нысанаға ату, белтемірге тартылу, арқан тарту, командалық кросс түрлері бойынша сыңға түсті. Тартысты әрі қызыққа толы өткен додада мұғалімдер мықты екенін дәлелдей түсті. Үздік шыққандар облыстық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, аты аңызға айналған ұшқыш жаудың бекіністерін, аэродромдарын, теміржол тораптарын, өзен өткелдерін, жаудың әскерлері мен техникаларын барлау және жою үшін 305 рет жауынгерлік шабуыл жасаған. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – екі мәрте Кеңес Одағының батыры жоғары атағына ие болған 65 әскери ұшқыштың бірі. Талғат Бигелдиновтың ерліктері қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарын өз өмірлерін әскери және азаматтық авиациямен байланыстыруға ынталандырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: