Қызылорда облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
31 қазанда Қызылорда облысы Талдыарал ауылының маңындак «Шымкент-Самара» тасжолының 471-ші шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. ЖКО салдарынан бір адам қаза тауып, сегіз адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Болған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі (абайсызда адамның өліміне әкеп соққан автомобильді басқаратын адамның жол жүру ережелерін бұзуы).
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!