Мен Қазақстан атты тәуелсіз мемлекетте тұрамын. Біздіңеліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 31 жыл толады. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Жаңа бағдарлама, сандық технологиялармен толықты десек те болады.
Тәуелсіз ел дегеніміз, менің ойымша, өз алдына елтаңбасы бар, өз әнұраны, көгінде желбіоеген өз туы секілді рәміздері бекітілген егеменді ел. Осы егемендікті көксеген, өр рухты қаншама ата-бабаларымыздың қанымен келген бейбітшілікті барынша сақтау біздің, жеткіншектердің парызы. Олай дейтінім, бұл тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Қаншама жандардың өздерін құрбандық деп санап, аға-апаларымыздың жігер-күшімен келген мемлекетіміздің тыныштығын бұзбақ емеспіз. Ата-бабаларымыз «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен » атамекенімізді қорғап қалды.
Енді, міне, бүгінде тәуелсіз елдің ұрпақтары, яғни біздер бейбіт елде, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқаныма, осы елдің, тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымды мақтан етемін. Болашақта да тәуелсіз елдің ұланы ретінде елімді, жерімді қорғауға мен де өз үлесімді қосқым келеді. Еліміздің әрбір ер азаматының міндеті әскер алдындағы борышын өтеу болса, мен де борышымды адал атқарып, Республикамыздың дамуына және даңқын асыруға үлкен үлес қосатын боламын.
Қорыта келе, дарқан елімнің жусаны аңқыған хош иісіне малынып, атадан қалған Жер Анамызды қорғай отырып, алдымыздағы жақындап қалған Республика күні баршамызға құт-береке, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр әкелсін. Тәуелсіз елдің ұландары әрдайым «қыран құстай биіктерден көрініп, жұлдыздай жарқырай берсін!», – дегім келеді.
Нұрасыл ӨТЕПОВ,
№85 мектептің 6 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назира Жакипова
Нұрасыл, қаламың қарымды, жазарың көп болсын!
Керемет🌷🌷.ЖаРайсың,талабың таудай ,жансын🌷🌷🙏🏻🙏🏻👍🏻👍🏻