Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

16.10.2022, 19:30 270

Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында және аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Қармақшы ауданы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов құқық қорғау органдарының басшылары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға облыстық прокурордың орынбасары, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындардың жеке әлеуметтік мәселелері мен қоса Жосалы кентіндегі темір жол үстіне көпір немесе көпірдің болмау себепті теміржол өткелінде тәртіпке қайшы кептелістің жиі орын алуы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізін кең жолақты ету мәселесі, Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған автокөліктердің есепке қою тәртібі туралы және құқықбұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныс-пікірлер айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары және құқық қорғау органдарының басшылары тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес түсіндірме жүргізді. Қабылдауда айтылған әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, тиісінше жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді.

Қоғамдық қабылдаудан кейін Мархабат Жайымбетұлы Жосалы кентіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен Жосалы кентіндегі денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған жоба құрылысын мемлекеттік сатып алу қорытындысымен «Сапақ» ӨК жүргізіп келеді. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан жақын арада тұрғындар игілігіне берілмек. Мұнан бөлек Қармақшы аудандық ауруханасы қазандығының ғимаратын қайта жабдықтау бойынша жөндеу жұмыстары және Жосалы кентіндегі №30 орта мектептің жылу жүйесін сұйық отыннан сұйытылған газге ауыстыру барысындағы құрылыс жұмыстарын көрді.

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша және облыстық бюджет арқылы ауызсу және кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары негізінде Қармақшы ауданына қарасты елді мекендерінде 3 жоба жүзеге асуда. Оның бірі – Қармақшы ауылындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмыстары. Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетов «Теплоэнергострой» ЖШС бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жобаның жұмыстарын бағамдап, көптен бері кезегі күткен игі жобаның жергілікті жұртшылық үшін аса маңызды екендігін жеткізді.

Нысандарды аралау барысында М.Жайымбетов мердігерлерге әрібір нысан өз мерзімінде және сапалы жүргізілуі керектігін тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: