HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта сайлауалды тұғырнамасын ұсынатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Жақын арада мен сайлауалды тұғырнаманы ұсынамын, онда елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралар болады. Менің сенімім бойынша, біздің мемлекет өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңдестірілген, көп бағытты, сындарлы сыртқы саясатты жүзеге асыруы тиіс», – деді Тоқаев Астанадағы форумда.
Президент Қазақстан халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын, халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысын ұдайы сақтауды үнемі қолдайтынын айтты.
«Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайту үшін белсенді күш-жігер жұмсайды. Біз Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтасамыз, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әлеуетін нығайтамыз», – деді Мемлекет басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!