Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Макроэкономикалық саясаттың өзекті мәселелері талқыланды

23.09.2022, 13:00 670

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті.


Кездесу барысында Тараптар макроэкономикалық саясаттың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, салық және бюджет кодекстерінің нормаларын жетілдіру, монополиясыздандыру, активтерді репатриациялау және фискалды орталықсыздандыру бойынша жұмыс барысын талқылады.


Сэр Сума Чакрабарти осы бағыттар бойынша ұсынымдарымен бөлісті және халықаралық тәжірибені енгізе отырып, Қазақстан Үкіметімен алдағы уақытта бірлескен жұмысты жүргізуге дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында Ерұлан Жамаубаев Сэр Сума Чакрабарти мен оның командасына ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: