Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қажыгелдин: Назарбаев Қазақстанда енді қайталанбайды!

23.09.2022, 9:10 390

HALYQLINE.KZ

1994 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның премьер-министрі болған Әкежан Қажыгелдин Берлиндегі Bild басылымына сұхбат берген екен. Оның сөзінше, Тоқаевтың кезектен тыс сайлау жариялағаны оны таңғалдырған жаңалық болған жоқ. Өйткені қаңтарда болған оқиғалар барлық жоспарды бұзды дейді ол.

– Президент Тоқаев енді өткенді ұмыт қылып, жаңа парақтан бастамақ. Ол өзінің жеке легитимдігін алғысы келеді. Оған билікті біреу тапсырып кеткен, 2019 жылы сайлануына біреу көмектесіп жіберген адам болғысы келмейді. Ол өзінің жеті жылдық мүмкіндігін пайдаланып көрмек. Сол үшін президентті бір-ақ рет жеті жылға сайлауды ұсынды. Бұдан не шығатынын көрейік. Өйткені президенттердің әдетте, басында билікті күшейтуді ұсынып, ақыр соңында, билікті өзі узурпациялап алатыны бар. Бірақ Тоқаев өйтпес деген үміт бар. Тоқаев мүлдем басқа адам.

Ал сайлауды қазір өткізейін дегені – жаз бойы Назарбаевқа барғыштап, Дариғамен бірге жиналып, өткен істері үшін өз болашағына алаңдайтын реваншистерді тоқтату. Ескі Қазақстанның асқан бай адамдары реванш тілейді, өйткені Тоқаев активтерді елге қайтарудың ұлттық бағдарламасын жариялады. Реваншистер алдағы екі жылға өз жоспарын құрып отырған еді. Соңғы уақытта партия құрушылар пайда болып, ескі биліктің нанын жеген кей блогерлердің белсеніп кеткені байқалуда. Бұл жағынан, Тоқаев дұрыс істеп отыр. Оның амнистия жариялағаны – қантөгіске жауапты емес екенін білдіреді. Қаңтардан бері әлі жауабы берілмеген көп сауал қалды. Ұйымдастырушысы кім болған, дегендей. Олардың есімдері атала ма? Олар жазалана ма? Өйткені олар қалаларды тастап, шағын топтардың лаңына бере салды. Шілденің басында Бодрум қаласына ұшқан жеке ұшақтардың иелері Назарбаевты тек туған күнімен құттықтау үшін барған жоқ. Олар ақылдасты. Олар Қазақстандағы қазіргі сөз еркіндігін кеңінен пайдаланып, қазір Тоқаевты сынауда. Кеткен режимнің алдағы парламенттік сайлауға дайындалуға кіріскені анық. Бірақ Тоқаев олардың алдын орап, кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Меніңше, Тоқаев енді елде төңкеріс жасамақ болып, қаңтарды кімдер ұйымдастырғанын сайлауға дейін-ақ жария етеді. Ал Назарбаев елдің саяси өмірінен толық жойылуы тиіс, әйтпесе, оның мұрасы әлі біраз жыл Қазақстанның мазасын алуы мүмкін.

Мен қазақтардың көңіл күйін жақсы білемін. Қазақтарға биліктің ауысушылығы керек. Қазаққа әділ сайлау керек. Бұл – анық. Сосын, қазаққа елдің байлығы әділ үлестірілгені керек. Кешегі көшпенді қазақ халқында әділдік деген қастерлі ұғым болатын-ды. Қазақ халқы оңтүстік корей мен жапондар сияқты өзінің ұлттық мәдени қалыбын сақтай алса, корей мен жапон сияқты демократияда өмір сүріп көруіне не кедергі? Демократия сұранып тұр қазақ қоғамына. Бұл өзгерісті Тоқаев бастап береді, өйткені ол үшін де демократиядан басқа жол жоқ. Ол саясаткер ретінде өзінің тарихтағы орнын ойлауы керек. Өзі олигарх емес болса. Қазақтың қазіргі буынын енді алдай алмайсың, олар Назарбаевты әбден көріп, тойған. Біз, аға буын, кезінде аспаннан түскен тәуелсіздіктің буымен Назарбаевты туған әкеміздей, жақсы көрдік. Сөйтсек, ол елдің байлығын туған-туысына таратқан адам боп шықты. Екінші Назарбаев енді Қазақстанда анық қайталанбайды, – деді ол.

Әділ  АҚЫЛБАЙ.

«Жас  Алаш»  газетінен  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: