Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты енгізілген карантин салдарынан халықтың біраз бөлігі тұрақты табысынан айрылды. Сондықтан болар, еліміздің әрбір бесінші тұрғыны мемлекеттен бөлінетін қаржылық көмекке зәру.
– Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуы бойынша 1 млн 779 мың адамға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 75,6 млрд теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Біздегі дерек бойынша 3 млн 703 мың адам әлеуметтік төлем алуға 4,9 млн өтінім берді, – деді орталық коммуникация қызметіндегі брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Жұқпалы вирус алғаш тіркелген ел – Қытаймен шекаралас жатқан Қазақстанда бұл дертке щалдыққан 1000-ға жуық адам тіркелді, 12 адам көз жұмды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!