Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел болып бірігіп, игі істердің орындалуына атсалысуға шақырамын!

06.09.2022, 9:40 372

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы маңызды міндеттер мен тапсырмалар берді. Соның бірі – бала күтіміндегі аналарға берілетін жәрдемақының мерзімін бір жарым жылға дейін ұзарту туралы шешім көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен қолдауға ие болды. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі әрбір баланың арнайы есепшотына ұлттық қор есебінен ақша аударылатын болады. Бұл қаржы баланың болашағы үшін жұмсалмақ.

Одан бөлек, халықтың табысын арттыру мақсатында ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру бастамасы үлкен қолдауға ие болды. Сондықтан Мемлекет басшысының әлеуметтік салаға баса назар аударуы халықтың жағдайын жақсартуға ықпал етпек. Біз де ардагерлер қауымы болып Жолдауда айтылған барлық салаларға қатысты туындаған міндеттердің орындалуын қолдаймыз! Бұл жас ұрпақтың келелі келешегі үшін маңызды қадамдардың бірі болмақ. Сол үшін ел болып бірігіп, игі істердің орындалуына атсалысуға шақырамын!

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: