Енді қайырымдылыққа деп ақша жинайтын блогерлер келісімшарт жасауға міндетті. Алаяқтық пен заңсыз әрекет орын алмас үшін жаңа заң қабылдануда. Бұл заң 5 қыркүйектен бастап күшіне еніп, Қазақстанда блогерлер арнайы келісімшартсыз азаматтарды қайырымдылық жасауға шақыра алмайды.
«Блогерлер заңға бағынбай, келісімшарт жасамай қайырымдылық іс үшін деп халықтан ақша жинаса ол заңсыз әрекет болып есептеледі. Яғни ол алаяқтық. Екіжақты келісімге келу қайырымдылық жасау кезінде түсініспеушілік, дау-дамай туындаған жағдайда мәселені заңмен реттеу үшін енгізіліп отыр. Келісімге келсе қайырымдылық үшін жиналған қаржыға қатысты ешқандай артық сұрақ туындамайды. Мысалы, блогер бір кісіге қайырымдылық жасау үшін қаржы жинауды бастаған негізі 7 млн теңге керек болған, нәтижесінде 15 млн теңге жиналған. Өз кезегінде блогер көмекке мұқтаж жанға 7 млн теңге беріп, қалған соманы басқа мақсатқа жұмсайтындығын айтқан. Содан кейін екіжақты түсініспеушілік туындаған», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!