Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза Қазақстан»: 214 құқық бұзушылық анықталды

28.10.2026, 17:05 131

«Таза Қазақстан» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында, полиция қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, апта көлемінде облысымызда қоғамдық орындарды ластаудың 214 дерегі анықталып, құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабымен (қоғамдық орындарды ластау) 96 және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен (абаттандыру қағидаларын бұзу) 118 әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, тиісті шаралар көрілді.

Құрметті облыс тұрғындары!

Тазалық – ортақ міндет,тәртіп – ортақ жауапкершілік екендігін ескере отырып, сіздерді қаламыздың тазалығына бей-жай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуға шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: