Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қытайдан дәрігерлер келді

10.04.2020, 1:26 699

Қазақстанға коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге Қытайдан тәжірибелі дәрігерлер келді. Олардың қатарында пульмонологтар, реаниматологтар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 120-дан астам медицина қызметкері жұмыс барысында инфекция жұқтырды.

Медицина саласының мамандары Қазақстанға COVID-19 вирусымен күресте жәрдемдеседі. Дәрігерлер ұшып келген рейспен ҚХР-дан шамамен 5,5 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Оның ішінде хирургиялық бетперделер, қорғану костюмдері, жеке қорғану құралдары, дәрілік препараттар бар. Қазақстан көрші елге індет басталғанда-ақ медициналық маска түрінде көмек көрсеткен еді.

  • Гуманитарлық көмек пен қытайлық дәрігерлер бригадасы – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы халықаралық маңызды келісім. Екі тарап та індетке қарсы бірігіп күресуге мүдделі. Бұл қызметкерлер біздің дәрігерлермен бірге медициналық нысандарда жұмыс істейді. Қажет болса, демалыссыз. Басты міндет – инфекцияны тоқтату. Бұл туристік сапар емес. Дәрігерлер бізге жұмыс істеуге, көмектесуге келді. Олар тек Нұр-Сұлтан қаласында емес, өзге аймақтарға да барады деп жоспарлануда, – деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Қытайлық дәрігерлердің бүгінде 15 күндік жұмыс жоспары дайын. Бағдарлама барысында коронавирусы бар пациенттерді емдеу, диагноз қою, сондай-ақ, жалпы қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін қарау көзделген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: