Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот жүйесі – мемлекеттік биліктің маңызды тармағы

27.06.2022, 17:40 1026

HALYQLINE.KZ

Биыл елімізде алғаш рет судья және сот қызметкері күні аталып өтілді. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізіліп, 24 маусым – судья және сот қызметкері күні болып бекітілген болатын.

Сот жүйесі – адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің кепілі. Ал, судьялар сот жүйесіндегі негізгі тұлға болып табылады. Елімізде судьялыққа үміткерлер барынша қатаң, бірнеше сатылы іріктеуден өтеді және оларға қойылатын талап қашанда жоғары. 

Сот ғимаратына келген азаматтарды бірінші болып қабылдап, сұрақтары бойынша жол көрсететіндер – сот кеңсесінің мамандары. Олардың киім үлгісі, сөйлеу мәдениеті, әдеп нормаларын сақтауы сот жүйесі туралы қоғамдық пікірді қалыптастырады. Сол себептен, кеңсе мамандары да сот жүйесіндегі үлкен жауапкершілікті көтеріп келеді.

Бүгінгі күні қазақстандық сот жүйесі биліктің маңызды тармағына айналды. Мемлекет тарапынан сот жүйесінің материалдық-техникалық жабдықтармен қаржыландыруларына, судьялар мен сот қызметкерлерінің ыңғайлы жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары заң жүйесін тұрақты жетілдіру мақсатында, сот-құқықтық реформа аясында сот жүйесіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді.

Сот отырысында аудио-бейне жазу, бейнеконференция байланысын қолдану сот төрелігінің ашықтығы мен айқандылығының деңгейін, сот отырысы хаттамасының сапасын арттырады.

«Сот кабинеті» сервисін электрондық іс жүргізу өндірісінің жүйесіне енгізу сотқа тараптар арасындағы байланысты жеңілдетті. Енгізілген «Төрелік» жүйесі ақпараттық деректермен жедел алмасу мен жоғары деңгейдегі сенімділікті қамтамасыз етті, жеңілдетілген құжат айналымы мен сот ісін жүргізуге қолайлы жағдай туғызып отыр.

Сот имиджінің әлеуетіне қол жеткізу үшін сот билігі ұйымдар мен азаматтардың сотқа деген сенімін одан әрі арттырып, Конституция мен заң талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуі керек. Сот төрелігін сапалы атқаруды жетілдіру жолымен халық сеніміне қол жеткізуге болады. Сот төрелігінің әділдігі мен толық орындалуы еліміздің кемел болмысының көрінісі болмақшы. Сот жүйесінің дамуы тоқтап қалатын құбылыс емес, оны үздіксіз жетілдіріп отыру қоғамның біртұтас дамуына оң әсерін тигізеді.

Ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын одан әрі қорғау бағытында сот әділдігін жүзеге асыруда барынша объективті, ашық әрі жариялы түрде қызмет етті. Сондықтан, сот жүйесіндегі оң өзгерістердің барлығы жалғасын тауып, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді деген сенім мол.

Н.Нұрбайқызы,

Байқоңыр  қалалық  сотының  бас  маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: