HALYQLINE.KZ Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды. Жиында Сыр өңірі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша үздік үштікке енгені айтылды.
ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрлері мен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы баяндама жасады.
Баяндама барысында өңірлердің жұмысына талдау жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, сауда, көлік инфрақұрылымын дамыту және жеке инвестициялар тарту бойынша аймақтардың жұмысын саралап, Қызылорда облысын 5 ай қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі 7 көрсеткіші бойынша оң нәтижеге қол жеткiзген үздік өңірлер арасында 3-орында орналасқанын айтты. Сондай-ақ, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өңіріміз Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан кейін Ақмола облысымен бірге үздік үштікті құрап отыр.
Премьер-Министр экономиканың нақты секторының қарқынды дамуына өңдеу өнеркәсібі айтарлықтай үлес қосатынын жеткізіп, жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдеріне осы жұмыс қарқынын сақтауды тапсырды. Ол үшін экономиканы әртараптандыру, инвестициялар тарту және жаңа жұмыс орындарын құруды жалғастыру қажет.
Үкімет жиынынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына негізгі көрсеткіштердегі түсімдерді төмендетпеу және бюджет қаражатын уақытылы игеру, инвестициялық жобаларды көбейту қажет екенін алға тартып, жұмыс қарқынын төмендетпей, межеленген көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!