Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан-Түркия арасындағы тауар айналымы өсті

30.05.2022, 12:00 483

HALYQLINE.KZ 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд АҚШ долларына жетті.

2022 жылдың бірінші тоқсанында Түркияға құны 1 251,9 млн АҚШ долларын құрайтын тауарлар экспортталған, онын 236,3 млн долларды импортталған. Осылайша, сыртқы тауар айналымының 1 млрд АҚШ доллары болды.

Түркия елінен отын-энергия тауарлары жоғары сұраныста  болған. Жалпы құны 885 млн долларды құраған. Келесі орында – металдардан жасалған бұйымдар, олардың құны 324 млн доллар экспорт құрылымында 25,9%-ды құраған. Түркия еліне жануар және өсімдік текті өнімдер, тоқыма бұйымдары, машина жабдықтары, химия өнеркәсібінің өнімдері де жеткізілді.

Импортқа тоқтала кететін болсақ, биыл Қазақстанға Түркиядан 62 млн АҚШ доллары сомасына машинамен жабдықтары, құрылғылар мен аппараттар жөнелтілген, бұл импорттың 26,2%-ын құрайды. Екінші орынға құны 47,5 млн АҚШ долларын құрайтын тоқыма және тоқыма бұйымдары тұрақтады.

Одан бөлек химия онеркәсібінің өнімдері, жануарлар, металдар мен олардан жасалған бұйымдар, аяқкиім, бас киім мен галантерея тауарлары, құрылыс материалдары импортталды.

Өткен жыл мен салыстыра кетсек тауар айналымы 803,1 млн АҚШ доллары деңгейінде болған. Ол кезде экспорт 545,2 млн долларды, ал импорт 257,8 млн долларды құраған еді.

Дильназ ТЕМІРҒАЛИ,

студент

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: