Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебі мамыр айында 36 курсантты қабылдады.
Бұл осы жылы Қызылорда гарнизонында орналасқан әскери-техникалық мектебіне қабылданатын курсанттардың үшінші легі. Олар алдағы уақытта жоспарға сай тактикалық, жауынгерлік және атыс дайындықтарының ерекшеліктерін оқып, әскери-патриоттық тәрбие сағаттарына қатысады. Әскери-техникалық мектепте оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданатын білікті мамандар сабақ береді.
– Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Мен мектеп табалдырғынан офицер болуды армандайтынмын. Әскери-техникалық мектеп қабырғасында өзімнің әскери білімімді толықтырып, алдағы мақсатыма қадам жасаймын. Осында алған тәрбие болашақта міндетті түрде өз пайдасын беретініне сенімдімін, – дейді курсант Олжас Айтбай.
Алдағы 40 күн ішінде жауынгерлер казармалық тәртіпке үйреніп, оқу-жаттығу полигонында 2 рет қарудан оқ атулар жүргізеді. Күнделікті әскери дәріс тыңдай отырып, тактикалық, жауынгерлік, саптық т.б. тәжірибелерін жетілдіреді.
Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебін бітірген әрбір жауынгер ел Қарулы күштеріне қызмет етуге дайын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!