HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов іс-сапармен Қызылорда облысына келіп, облыстық маслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты.
Үкімет басшысы мәслихат депутаттарына Қызылорда облысының әкімі лауазымына Нұрлыбек Нәлібаевты тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсыныс-хатын оқып берді. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болды.
Каламыздын тазалыгына, келбетинин кокеюине субели улес коскан, ауылда туып, жаксы акенин тарбиесин корген туымды инимизге тек кана саттилик тилеймин. Абыройы артып, туган жердин умитин актай берсин! Жана орыны кутты болсын!
құтты болсын!
Керемет жаңалық. Сыр елінің өркендеуіне улкен қызмет жасайтынына сенеміз. Жемқорлық жайлаған заманда осындай бір туар азаматарымыз елді былықшылықтан тазартып жаңа жуйе еңгізеді деп сенеміз. Аброймен атқаруына шын журектен тилектеспиз
Ауыл деген қашаннан биік болып қалу керек
Сол ауылға ерінбей бару керек
Кіндігіңнің қаны тамған жерге
Маңдайыңның теріде таму керек – дегеннің үлгісін көрсетіп елдің азаматы келіпті Аллаға шүкір
Абыройлы қызмет болсын
Іске сәт берекесін берсін
Құтты болсын!Өте жақсы адам, Бізге осындай әкім керек еді. Жақсы болды, өте салмақты адам 2013 баламның атын Нұрлыбек деп қойдым осы кісіге ұқсасын деп.
Каламыздын экономикасын дамыта бериниз!Улым Адилетиме сиздин жолынызды берсин!Бар исиниз кутты болсын!!!
Нұрлыбек Мәшбекұлы қала әкімі болған жылдары қала қөркіне жаңа серпін берді деуге болады. Расында шаһар келетін өткен 10-15жылдықпен әсте салыстыруға болады. Бұл орайды Н. Мәшбекұлының тың бастамалары болғанын мойындайық, ағайын.
Менің аттасым, әрі құрдасым Нұрекеңе – өңіріміздің өркендеуіне білек сыбана кірісуге бастаған жаңа бастамасына тек сәттілік тілеймін.