Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азамат Есқараев елшіліктен Президент Әкімшілігіне ауысты

05.10.2026, 10:35 48

Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметінен босатылып, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Тиісті Жарлық пен Өкімге Мемлекет басшысы қол қойды. 

Сонымен бірге Есқараев Қазақстанның Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Ол Үндістандағы дипломатиялық миссиясын 2025 жылғы сәуірде бастаған, ал қалған төрт елдегі елшілік міндетін 2026 жылғы шілдеден бері қоса атқарып келген. 

Азамат Есқараев 1979 жылы Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Еңбек жолын Әділет министрлігінде бастап, кейін Алматы қаласы әкімдігінде, «Қазына» қорында және Премьер-Министр Кеңсесінде қызмет атқарды. 2019–2023 жылдары Үкімет кеңсесінің Заң бөлімін басқарды. 

2023 жылғы қаңтардан 2025 жылғы қаңтарға дейін Қазақстанның Әділет министрі болды. Кейін дипломатиялық қызметке ауысып, Үндістандағы елші қызметіне тағайындалған еді. Енді ол Президент Әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бағытқа оралды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: