Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

COVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 500-ге жетті

04.04.2020, 12:27 401

HALYQLINE.KZ – Елімізде бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының бірден 36 жағдайы расталды. 4 сәуірде таңертеңгі 10-да жұқтырған адамдардың жалпы саны жарты мыңға жетті деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігі.

Олардың дерегінше, бір түнде коронавируспен ауыратын екі науқас екі мегаполисте – Шымкент пен Алматыда, сондай-ақ елдің алты аймағында анықталды.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекциямен 109 адам емделуде – бір түнде 16 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Мұнда вирус жұқтырудың 12 жағдайы тіркелген.

Коронавирустық инфекцияның жаңа бір жағдайы түнде Жамбыл және Маңғыстау облыстарында анықталды.

Осыдан кейін елдің солтүстігінде тағы 7 оқиға тіркелді – Солтүстік Қазақстан облысында ауруды жұқтырғандар саны 25-ке жетті.

Атырау облысында 2 жаңа дерек анықталды, мұнда вирус жұқтырған 22 адам емделуде.

Қарағанды облысында аурудың тағы 4 жағдайы расталды.

Түркістан облысында науқастардың саны 23-ке дейін өсті – бір түнде 4 жаңа жағдай белгілі болды. Өкінішке қарай, мұнда тағы бір вирус жұқтырған адамның қайтыс болғаны анықталды.

Осылайша, қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекцияның 500 жағдайы тіркелген.

Аурудан 29 адам емделді. 4 қазақстандық COVID-19-дан көз жұмды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: