Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұзбалақ ақынға арналған шығармашылық кеш өтті

10.02.2022, 10:40 498

HALYQLINE.KZ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мен – ХХІ ғасырдың құрдасымын» атты Мұқағали Мақатаевты  еске алу кеші өтті. Өмірін өлеңге, өлеңін мәңгілік өмірге айналдырған дара таланттың шығармашылығын университеттің белсенді студенттері ерекше тебіреніспен жеткізді. Іс-шараға білім алушылар мен оқытушы-профессорлар, қонақтар қатысты.

Талантты жастар Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығының кейбір сәттерін сахналап, ақынның өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Мен сені ұнатамын», «Жарығым- ай», «Есіңе мені алғайсың» сынды әндері жанды дауыста шырқалды. Мұқағалидың жас кезін  университеттің белсенді студенті Нартай Әбдіраш, ал 45 жасындағы бейнесін Али Асқар сомдады.

Кешке қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының асқақ рухын сезіне білді. Өйткені ақиық ақынның поэзиясы  патриоттық сезімге және елге, ана тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Шара соңында «Ашық микрофон» айдары ұйымдастырылып, көрермендер ақынның өлеңдерін оқыды. Хан Тәңірдің мұзбалағы, қазақтың біртуар азаматын еске алуға арналған шығармашылық кеш «Бақыт деген» әнімен қорытындыланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: