Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер қаралды

14.10.2026, 8:30 69

Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықты әлеуметтік қолдау, қоғамдық ақпараттандыру және алдағы жылу беру маусымының барысына қатысты төрт негізгі мәселе қаралды.

Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет қаражатының игерілуі

«2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маратжан Жұмаділ баяндама жасап, есепті кезеңдегі негізгі көрсеткіштер мен бюджеттің атқарылу барысына тоқталды.

Отбасыларды верификациялау жұмыстары

«Отбасының цифрлық картасының «А» және «В» санаттарына жатқызылған отбасыларды верификациялау жұмыстарының барысы туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов ақпарат берді. Ағыбай Төлегенов әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау және олардың деректерін нақтылау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Мерзімді басылымдарға жазылу және әлеуметтік желідегі белсенділік

«2027 жылдың І жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазылу барысы және әлеуметтік желідегі белсенділік туралы» аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев баяндап, мерзімді басылымдарға жазылу науқаны мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Жылу беру маусымының барысы

«2026–2027 жылғы жылу беру маусымының барысы туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов баяндама жасап, жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Айтбай Жандарбеков күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау шараларын сапалы жүзеге асыру және жылу беру маусымының қалыпты өтуіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Аудан басшысы Айтбай Жандарбеков жауапты бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды міндеттеді.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: