Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті

14.10.2026, 9:50 36

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы өмірден өтті. Қаралы хабарды өнер иесі Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі el.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлтай Мырзамбекқызы – белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің анасы. Өнер иесі 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Ол Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызының отбасында өскен он бір баланың тоғызыншысы.

Әншінің әкесі Қордабай Майғазыұлы есепші және кассир болып еңбек еткен. Ол 2005 жылы дүниеден озған. Сәкен Майғазиев бұған дейін берген сұхбаттарында әкесін өміріндегі ерекше үлгі тұтатын тұлғалардың бірі ретінде атаған.

2025 жылы әнші анасының денсаулығы мен көңіл күйіне алаңдайтынын айтқан еді. Сол кезде Ұлтай Мырзамбекқызы 88 жасқа келгенін жеткізген.

Сондай-ақ өнер иесі анасының үлкен қызы дүниеден өткеннен кейін қатты қайғырғанын, бұрынғыдай сыртқа шығып, қыдыруға құлқы болмай қалғанын баяндаған. Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысының Созақ ауылында, өз шаңырағында өтеді.

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: