Қазақстанда шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
«Шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен жылдың желтоқсанындағы деңгейінде белгіленеді», – деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйылтылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!