Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басты мақсат – ел азаматтарының қауіпсіздігін сақтау

18.01.2022, 16:30 411

HALYQLINE.KZ Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері Қызылорда қаласының кіре берістеріндегі блок-бекеттерде қызметтерін жалғастыруда.

Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен бақылау-өткізу режимін бірлесіп қамтамасыз етуде. Төтенше жағдай кезіндегі бірлескен іс-қимылдардың арқасында қаладағы жағдай тұрақталды. Басты мақсат – ел азаматтарының қауіпсіздігін сақтау.

– Төтенше жағдай кезінде жауынгер қаруластарыммен бірге тәулік бойы қала аумағындағы бекеттерде бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудеміз. Бұл – менің Отан алдындағы міндетім және азаматтық борышым деп білемін. Ел әскерлері барда Тәуелсіздігіміз тұғырлы болатынына сенемін, – дейді топ командирі аға лейтенант Нұрзат Орынбаев.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұмылдырылған әскери қызметшілер орналасқан жерде барлық жағдайлар мен медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылған.

Мұхит ҚОНАРОВ,

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: