HALYQLINE.KZ Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиында Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық мәслихатының бірлескен шешіміне сәйкес «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы тапсырылды.
Құрметті атақ ғарышкер-ұшқыш, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Еңбек ардагері, Су шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Нариман Қыпшақбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!