Облыс әкімінің өкімімен Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Қайратбек Әубәкірұлы 1961 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария суару жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған.
1999-2012 жылдары Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2012-2017 жылдары – Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі.
2017 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!