немесе қазақтың ырым-тыйымдары
Екіқабат әйел керілген арқаннан аттап өтпейді, өйткені босанған кезде баланың кіндігі мойнына оратылып, тұншығуы мүмкін.
Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтсе, бақытсыз жағдайға душар болады.
Әйелге шашын отқа тастауына болмайды. О дүниеде құдай әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
Кір жуғанда кірдің суын жолға, аяқ астына төгуге болмайды. Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа ұшырайды.
Түн ішінде кір жаймайды. Өйткені әйел қорқып, шошыма ауруына шалдығуы мүмкін.
Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.
Жұма күні кір жууға болмайды. Жұма күні кір жуылса – әруақтар риза болмайды. Айт мейрамы кезінде кір жууға болмайды. Өйткені айт – қазақ халқының діни мейрамы, қасиетті мерекесі.
Қызға құйымшақ жегізбейді. Құйымшақ жесе, жеңілтек болады деп санайды.
Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.
Екіқабат әйелге ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса, мерзімінен бұрын босанады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!