Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңір экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

18.11.2021, 11:45 396

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында брифинг өткізді.

«Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағыттағы тапсырмаларына сәйкес бұл жылдары өңір экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп өндірісінің үлесі 1991 жылғы 11 пайыздан 30 пайызға дейін, ал ауыл шаруашылығының үлесі соңғы 10 жылда 3,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін артты», – дейді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, күріштің өнімділігі мен жалпы алынған өнімі бүгінде 1991 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есеге өсті. Сондай-ақ Қызылорда облысы шағын және орта бизнес субъектілері санының өсу қарқыны бойынша елдегі үздіктердің қатарында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: