Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электронды сауда нарығы дамуда

06.10.2021, 11:20 632

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда электрондық сауда қарқынды дамып келеді, секторда сату екі таңбалы қарқынмен өсуде. Бұл ретте нарықтың барлық қатысушылары ұтыста қалады. Мысалы, қолма-қол ақшасыз төлемдер технологияларын дамытудың арқасында коммерциялық кәсіпорындар, қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар жылына 7 млрд АҚШ долларға дейін пайда ала алады. Осыған байланысты экономистер жақын арада жаһандық электрондық коммерция нарығының айтарлықтай өсуін болжайды. Кейбір бағалаулар бойынша, 2023 жылға қарай интернеттегі сатылымдар 6,6 трлн АҚШ долларға жақындайды деп күтілуде, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 4,3 трлн АҚШ долларды құрады. Өрлемелі тренд сақтала ма және Қазақстанда электрондық коммерция нарығы қалай дамып жатқандығын «FinReview.info» талдаушылар талдады.

Қазақстанда электрондық коммерция нарығының өсу серпіні жалпы әлемдік нарыққа сәйкес келеді. Қазақстанда электрондық коммерция да айтарлықтай өсті. Ресми статистикаға сәйкес, 2020 жылы нарық көлемі 1,2 трлн теңгеден асып, 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге дерлік ұлғайды.

Өсіп келе жатқан тренд алдағы бес жылда да сақталады. Бұл тұжырымға бәрі келіседі. Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша 2022 жылға қарай e-commerce нарығының көлемі 1,9 трлн теңгеге жетеді. Ал «Qaz Trade» сауда саясатын дамыту орталығында 2025 жылға қарай нарықтың өсуін 3,5 трлн теңгеге дейін бағалайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: