Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚАЖ мекемесіндегі цензор маманы

04.10.2021, 15:55 261

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелерінде цензор мамандары жұмыс істемейді. ЗК-169/5 мекемесінің цензор-жедел бөлімінің хат тасымалдаушы инспекторы Абсаматова Әсел Төлебайқызымен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол бір жылдан бері осы мекемеде сотталғандардың жеке басына келген хаттарды жеткізіп беріп, сотталғандардың отбасыларына жазған хаттарын тасымалдап поштаға жөнелтеді.

Бір жыл ішінде сотталғандарға 1000-ға жуық хат келген. Келіп түскен әрбір хатты жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірге сотталғанның көзінше ашылып, алдымен сотталғанның пайдалануына тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілгеннен соң ғана сотталғанға беріледі. Хаттар көбіне отбасынан, балаларынан және сотталғанның жеке басына қатысты келеді. Отбасының амандығын хат арқылы білген сотталғандар, өмірге деген құлшыныстары артып, сеніммен қарап, отбасыма тезірек оралсам, қайта түрмеге түспес едім, бостандықтың қадірін кеш түсіндім деген сөздерін жиі айтып қалады. Хат алған сотталғандар өздерінің жағдайларының дұрыс екендігін, уайымдамауларын сұрап, хатқа жауап жазуға тырысады. Түзеу мекемесінің ішінде екі пошта жәшігі бар.

Сотталғандар осы пошта жәшігіне туған-туыстарына жазған хаттарын салады. Ал цензор Әсел Төлебайқызы жәшіктегі хаттарды жинап алып, тексеруден өткізіп, егер хатта күмән тудыратын сөздер болса әрі қарай жедел бөлімінің қызметкерлеріне беріледі. Хатта сотталғандар көбіне анасына, жарына өлең жолдарын арнап жазып жатса, кейбірі сурет салып жіберіп жатады. Жыл басынан сотталғандардың 200-ге жуық хаты жолданыпты. Тексеруден өткен хаттарды цензор пошта арқылы жолданады.

«Тағдырдың тәлкегімен қолымен жасаған қателіктері үшін жазаларын өтеп жатқан сотталғандардың өздеріне келген хатты оқып, балаша қуанған сәттерін көрсек, бірде мұңайып, ренжігенінің де куәсі боп жүрміз. Сотталған үшін өзін күтетін, іздейтін жанның болуы өмірге құлшындырады», – дейді цензор Әсел Төлебайқызы.

Дана ДОСТАНОВА,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: