Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда «қоңыр күзді» қашан күту керек?

17.09.2021, 10:10 694

HALYQLINE.KZ

Анықтама бойынша «қоңыр күз» – бұл күзде құрғақ, шуақты және салыстырмалы түрде жылы ауа райының ұзақ кезеңі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына солтүстік теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының өткірленуі жүзеге асырыла бастайды. Осыған байланысты түнгі сағаттарда ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі: 3°С-қа дейін үсік жүру мүмкіндігі бар. Күндіз +8+12°С-қа дейін жылынады, оңтүстік өңірлерде болса, ағымдағы онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі соншалықты елеулі болмайды – ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +22+27°С-қа дейін болады деп болжануда.

Үшінші онкүндіктің басында, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының республика аумағына шығарылуымен, температуралық фонның біртіндеп көтерілуі күтілуде. Алдымен еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы күндіз +20+25°С-қа дейін көтеріліп, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлері де жылумен қамтылады. Солтүстік өңірлерде ауа +17+25°С дейін жылынады, орталық және шығыс бағандарында термометрлер +20+28°C белгісіне дейін, оңтүстік өңірлерде +28+33°С дейін көтеріледі.

Қазан айындағы алдын ала болжамға сәйкес, айдың екінші онкүндігінде ауа райы жылы күндермен құбылады, алайда түнгі температура төмен болады: батыста түнде +5+13°С, күндіз ауа +23+28°С дейін, солтүстік өңірлерде түнде +2+9°С, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15°С, күндіз +22+30°С.

Ескерту: консультациялық болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және болжам күні жақындаған сайын нақтыланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: