HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда республика көлемінде 12 жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау мәселесі қарастырылуда, дегенмен бұл мәселе түпкілікті шешілген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
– Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде оқушыларға вакцина егу туралы Жалағаш аудандық білім бөлімінің хаты шығып, халық арасында резонанс туындаған. Бұл хатта – Ұлттық екпе күнтізбесінесәйкес егілетін вакциналар(БЦЖ,қызылша, қызамыққа қарсы, АбКДС+ХиБ+ИПВ) туралы мектептердегі ата-аналар комитеті өкілдеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында мәлімет жинақтау үшін жіберілген. Қазіргі таңда республика көлемінде 12 жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау мәселесі қарастырылуда. Дегенмен бұл түпкілікті шешілмеген және балаларға арналған вакцина біздің елге жеткізілген жоқ, – деді Әлия Мүтәліпқызы.
Бұл мәселеге қатысты, облыстық білім басқармасы ата-аналдарды аландатып, қоғамда екіұдай пікірде қалдыруға жол берген аудандық білім бөлімі басшысының қызметтік жауапкершілігін қарап, тәртіптік жаза қолданғандығын жеткізді.
«Заңға сәйкес, ҚР Үкіметінің 24.09.2020 ж. № 612 Қауылысына орай 18 жасқа дейінгі балаларға ата-аналардың келісімінсіз ешқандай екпе жұмыстары жүргізілмейді. Өздеріңізге мәлім, епке жасайтын алдында әр ата-анаға келісім парағы беріледі. Арнайы келісімсіз балаға екпе жасалмайды. Аталған жағдайға байланысты Білім және ғылым министрілігі, Білім басқармасы тарапынан балаларға екпе жұмыстарын жүргізу туралы қандайда бір құжат қабылдаған емес», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!