Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

14.09.2021, 11:30 432

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады. Жедел шаралар барысында 10 қыркүйек күні Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым далалық жерде ірі есірткі алқабы анықталды.

Күдікті үш ер адам оқиға орнында ұсталды. Олар 2479 түп сора өсімдігін арнайылап баптап, егіп өсірген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: