Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Темір тордағылардың көңілін қалай көтереді?

20.08.2021, 17:59 419

Көңіл күй көтеріңкі болу үшін не істеу керек? Бос уақытта жақындарыңызбен жүздесіп, жаныңыз қалаған істермен айналысасыз. Одан қалды әлеуметтік желі құшағына кіріп, айналадағы оқиғаларды уақытша ұмытуға болады. Ал темір тордағылар ше? Күйзеліске түскен «қылмыскердің» көңілін кім көтереді?

ЗК-169/1 мекемесінің тергеу қамауында үкімін күтіп отырған «А» есімді азаматша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған. Егер сот үкімін шығарса бірнеше жылға сотталмақ. Қылшылдаған қырықтан енді асқанда темір торға телміріп, тар қапас, ызғары суыққа қамалу кез келген нәзік жандыға ауыр тиетіні белгілі. Осыған байланысты жаны жай таппай жүрген жас әйелдің күйзелісте жүргендігін байқаған мекеме психологы бұл әйелді жіті қадағалауына алған екен. Нәтижесінде, әртүрлі психодиогностикалық, психокорекциялық түзету жұмыстары мен тренингтер өтуде.

– «А» есімді тергеудегі әйелді «босаңсу бөлмесіне» жиі алдыртып, психологиялық релаксация жасап отырамын. Мұндағы аура оған қатты ұнайды. Әсіресе, МАЙНД-МАШИНА-сынан соң көңілі көтеріліп, өзіне, өмірге деген сенімділігі артады. Бұл аппараттың мақсаты күйзелістен, үрейден арылтып, ашуланған кезде, шаршағанын басып, қорғаныс механизмі қызметін атқару болып табылады. Аппаратты миға арналған тренажор деп атауға болады. Құлаққапты құлағына кигенде құстың сайрағаны, мөлдір судың сыбдыры, шөптің сыңғыры естіледі.

Сондай-ақ, айыпталушылар мен тергеудегілер және сотталғандарды мекемеге келіп түскеннен бастап, жеке қабылдаулар өткізіп, психологиялық кеңес беріп, олардың өмір сүруге деген құлшыныстарын оятып,жазасын өтеп шыққанға дейін қоғам қатарына қосу мақсатында тынбай жұмыс жасауды ең басты міндетім деп санаймын, – деді мекеменің аға инспектор психологы, әділет капитаны А.Мырзалы.

ЗК-169/1 тергеу изоляторының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: