Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұлғалардың татуласуы

24.07.2021, 15:00 510

HALYQLINE.KZ Бірде Бауыржан Момышұлы мен белгілі ақын Қалижан Бекқожин екеуі қатты ренжісіп қалыпты. Көпке дейін бір-бірімен сәлемдеспей, сөйлеспей жүріпті.

Бір күні Жазушылар Одағында үлкен жиын болатын болып, жиналысқа келген ақын-жазушылар бір қатарда отырыпты. Жиынның басталар алдында залға Бауыржан Момышұлы кіреді.

Әдеттегідей ол кісі келсе жұрттың назары сол кісіге ауады ғой. Залдың орта тұсында ақын-жазушылар отырған қатарға жақын келіп, бір студентке;

— Мен кіммін? — деп, дауыстап сұрапты.

— Сіз Бауыржан Момышұлысыз, — деп жауап беріпті студент.

— Дұрыс айтпадың, мен кіммін? — деп, қайталап сұрапты.

— Сіз қазақтың аты аңызға айналған батыры, жазушысы Бауыржан Момышұлысыз, — деген судентке қарап дауыстап;

— Жо-жоқ, сен дұрыс айтпадың, мен қазақтың аттақты ақыны Қалижан Бекқожинның ағасымын, — деген екен.

Сол кезде Қалижан Бекқожин орнынан ұшып тұрып:

— Ой, аға, айып меннен, мені кешіріңіз, — деп, құшағын жая ұмтылған екен. Сөйтіп, Бауыржан Момышұлы мен Қалижан Бекқожин екеуі құшақтасып, төс түйістіріп, қайта табысып, татуласыпты…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: