HALYQLINE.KZ Індет қаупі сейілмеген қазіргі кезде, ЗК-169/1 тергеу изоляторында короновирустық инфекцияға қарсы вакциналанудың екінші компоненті салынды. Вакцинаның бұл екінші бөлігі күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталғандарға мекеменің медициналық бөлімінде жүргізілді. Осыған орай, №6 қалалық емханадан дәрігер мамандар шақыртылды.
Бұған дейін де, бұл сала мамандарымен осылай бірлесе түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұмыс істейінің негізінде бүгінгі күнге дейін екпе салынғандар арасында денсаулығына шағым жасағандар болмады.
– Біздің мекемеде бүгінгі таңда 193 қамаудағылардың 141-і «Спутник» вакцинасын салдырса, 20 азамат «Хаят» вакцинасын қабылдады. Бұдан бөлек денсаулығына байланысты 6 ай мерзімге медициналық шегініс жасағандар бар. Сонымен қатар, ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін, маска тағу, қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану сияқты алдын алу шаралары күнделікті қадағаланылып отырылады, – деді, мекеменің медицина бөлімінің фелдшері әділет лейтенанты Н.Талғат
– Коронавирустың жөтелгенде, түшкіргенде немесе осы инфекцияға шалдыққандарды ұстағанда жұғатынын ескеріп жүрген жөн. Иә, «қаперге алмаған қатерге ұрынар» деген, мен бұл «індеттен сақтанудың ең қауіпсіз жолы – вакцина қабылдау» деп біліп, «Спутник» вакцинасының екінші бөлігін салғыздым, – дейді, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!