Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алпысбай Шүкіров: «Әкемнің табиғатын теңізбен байланыстырар едім»

13.03.2020, 11:38 1306

– Қазақтың дарынды ақындарының бірі Мұқағалиды таумен егіз санап жатамыз ғой. Сол секілді мен әкемнің (Зейнолла Шүкіровты айтады – ред.) табиғатын теңізбен байланыстырар едім. Себебі бұл кісідей теңізді ешкім сүйген жоқ. Әкемді қай жағынан алсақ та, бөлек жан болатын. Қатты дауыл алдында теңіздің сілтідей тынып қалатыны бар емес пе? Міне, тап сондай. Теңіздің өзі – үлкен тіршілік ғой! Өзге де көп қырларын осы теңізге ұқсатуға болады. Өзі де қайтқанша теңізді жырға қосып өтті. Сондай-ақ, есепке жүйрік еді. Шахмат пен картаны кәнігі кәсіпқой ойыншыларша ойнайтын. Кітап оқудан ләззат алатын. Кез келген адаммен тіл табыса алатын. Ғалыммен – ғалым сияқты, әкіммен – әкімше, әлдекіммен қырық жылдан бергі таныс адамдай. Әкем аруақты адам болатын. Мұндай қырлары өте көп. Батылдығы, шыншылдығы, қайсарлығы жастарға мәңгі үлгі болып қалары сөзсіз.

Алпысбай Шүкіровтің

«Әкем аруақты адам болатын»

атты сұхбатынан үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: