Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылармен кеңес өтті. Кеңесте Қызылорда облысының минералды-шикізат базасын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Кеңеске экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы А.Надырбаев және Нұр-сұлтан және Алматы қалаларынан келген Қазақстанның ғылыми қауымдастығының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы экономикасын тұтастай алғанда, соның ішінде өңірлердің дамуын айқындайтын факторлардың бірі – тау-кен металлургия кешенінің жұмысы. Бұл ретте Қызылорда облысы мұнай, газ, полиметалл кендері мен уранды қоса алғанда, минералдық-шикізат ресурстарына бай.
«Өздеріңіз білетіндей, мұнай-газ саласын дамытудың осы проблемалық мәселелерін біз бірнеше жыл бойы, соның ішінде 2019 жылғы наурызда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында баяндадық. Нәтижесінде, Үкімет Қаулысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Республикалық бюджет есебінен Шу-Сарысу, Сырдария, Оңтүстік-Торғай бассейндерін жалпы сомасы 11 млрд теңгеге геологиялық зерттеу шешімі қабылданды», – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Айта кету керек, биылғы жылы Шу-Сарысу және Оңтүстік-Сургай бассейндері бойынша зерделеу жұмыстары басталды. Бұл үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1,47 млрд теңге бөлінді. Сырдария бассейнін зерттеуге қаражат бөлу Үкімет деңгейінде қарастырылуда.
Қазіргі уақытта 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал өңірі бассейнін зерделеу көзделеп отыр. Бұл зерделеу жұмыстарының негізі Арал теңізінің бұрынғы түбін зерттеуге бағытталады.
«Қазіргі кен орындарының тау-кен бөліністерінің тереңдік шекаралары 1500-2000 метр, ал іргетас тереңдігі – 3000 метр. Жоғарғы, орта, төменгі Юра және палеозой шөгінділері зерттелмеген. Осыған байланысты өндіру және барлау ұңғымаларының тереңдігін 3000 метрден астам асыру мәселесі өзекті болып отыр. Мысалы, «Қуатамлонмұнай» мұнай компаниясы 5000 метр тереңдікте тірек-параметрлік ұңғыманы бұрғылау үшін өтінім берген болатын. Алайда Энергетика министрлігі тарапынан қолдау көрсетілмеді. 5000 метр тереңдікте тірек-параметрлік ұңғыманы бұрғылау мәселесі оң шешілген жағдайда компания қызметкерлерінің жалақы мәселесі де шешімін табар еді. Сондықтан, Ақбатыр Алуадинұлы, сізден осы мәселенің оң шешілуіне көмек көрсетуіңізді сұраймыз», – деді облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында қатты минералдық-шикізат ресурстарының болашағы зор. Мәселен, қорғасын, мырыш, кадмий, германия, алтын, күміс, селен, темір, жанғыш тақтатастар, қоңыр темір, фосфориттер, молибден-ванадий және цирконий-титан кендерінің қорлары анықталды. Сонымен қатар, облыс аумағында темір, фосфориттер, жанғыш тақтатастар, тальк, мыс, алтын кен орындары да бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!