HALYQLINE.KZ Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге іскерлік және жеке сапарларды кедергісіз жүзеге асыру мүмкіндігі ашылды, – деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Ол үшін «Covid-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасын App Store немесе Google Play ден смартфонға орнату қажет.
Смартфон экранында пайдаланушы сапарды қайдан және қайда жасағысы келетінін таңдай алады, содан кейін ПТР тестін тапсыру үшін ең жақын тексерілген зертханалардың тізімі көрсетіледі.
Бірегей QR–код нысанындағы ПТР тест нәтижесі қосымшада сақталады және 72 сағат бойы қолданыста болады.
Бұл QR-код бақылаушы органдарға азаматтың денсаулығы туралы ақпарат беру мақсатында елдер арасындағы мемлекеттік шекараның жолын кесу кезінде қажет болады. Бақылаушы органдар осы
QR-кодтың көмегімен ПТР-тест нәтижесін тексере алады.
Осылайша, пайдаланушы іскерлік және жеке сапарларға арналған қолданыстағы санитарлық–эпидемиологиялық нормаларды сақтайды.
Бірінші кезеңде қосымша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында авиаұшуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазір азаматтардың көліктің басқа түрлерімен (т/ж және авто) жүріп-тұруы кезінде осы қосымшаны қолдану мәселесі талқылануда.
Естеріңізге сала кетейік, «Covid-19-сыз саяхаттаймын» мобильді қосымшасын Еуразиялық Даму Банкі әзірлеген және ол Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда қолданылады.
Алдағы уақытта қосымшаның географиялық «қамтылуы» ұлғайып, сол арқылы азаматтарға ЕАЭО-дан тыс елдерге кедергісіз баруға мүмкіндік береді деп бағамдалуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!