Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Имамның иманы

15.05.2021, 12:00 461

HALYQLINE.KZ Америкада бір имам болыпты. Мешітке күнде бір автобуспен бір жүргізуші арқылы қатынайды екен. Бірде әдетінен жаңылмай автобусқа мінгенде жолақысын береді. Бірақ осы жолы жүргізушіден қалған ақшасынан артық 20 цент алады. Орнына отырған имам пендешілікке салынып түрлі ойға беріледі. “Көп ақша да емес осыны өзімнің қалтама қалдыра салам-ау” деп азғырылады.

Автобустан түсерде қайта тәубесіне келіп жүргізушіге: “сіз маған 20 цент артық беріп жіберіпсіз” деп өзіне қайтарады. Сонда жүргізуші: “мен саған артық ақшаны әдейі берген едім. Мұсылмандар жайлы мағұлмат жинап жүрмін. Сенің де мұсылмандығыңды сынайын деп едім” – дейді. Автобустан түскен бойда имам тізерлеп отырып жылап: “Я Алла, кешіре гөр, сәл болмағанда бүкіл Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым” – деп күрсініпті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: