Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Путин мен Ердоған келісімге келді

06.03.2020, 10:58 468

Мәскеу мен Анкара 6 наурыздан бастап Идлибтегі соғысты тоқтатуға келісті. Бұл жөнінде Сириядағы жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі меморандумда айтылған. Түркия президенті Режеп Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путин Кремльдегі кездесуден кейін осындай шешімге келді.

Путиннің сөздерінше, Сирияда жыл басынан бері радикалды топтар Ресейдің «Хмеймим» әскери базасына соққы бере бастаған. «Біз Сириядағы түрік тарапынан Сирияда болып жатқан жағдайға беретін бағасына үнемі келісе бермейміз. Бірақ ушыққан тұста ортақ мәмілеге келе білеміз. Осы жолы да солай болды», – деп атап өтті Ресей президенті.

Келіссөз басталардан бұрын Путин Идлибте соғыс қайталанбайтындай және орыс-түрік қарым-қатынасы бұзылмайтындай етіп уағдаласу керек деген.

Ресей президенті Сириядағы түрік жауынгерлерінің қазасына көңіл айтты.

Түркия президенті болса Путинмен келіссөз нәтижесі Идлибтегі жағдайды жеңілдетеді деп үміттенетінін жеткізді.

Сирияның Идлиб аймағында соңғы уақытта кескілескен шайқас жүріп жатыр. Түрік әскері Асад соғысып жатқан қарулы оппозиционны қолдайды. Шайқас кезінде түріктің ондаған жауынгері қаза тапқан.

azattyq.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: