Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күйеуіңізді бақытты еткіңіз келсе…

17.04.2021, 10:00 691

HALYQLINE.KZ

 1. Оны сұлу кейіпте қарсы алыңыз

Ол жұмыстан, оқудан, сапардан немесе сізден алыс әлдебір жерден оралған кезде көтеріңкі көңіл күймен сәлемдесіңіз.

– Оны жадырап қарсы алыңыз;

– Әшекейленіңіз, денеңізге әтір себіңіз;

– Жағымды хабарлардан бастап, жағымсыз хабарларды кейінге қалдырыңыз;

– Оны қаншалықты жақсы көретініңізді, қаншалықты сағынғаныңызды айтыңыз;

– Пісірген асыңыздың дәмді болуы үшін күш жігеріңізді салыңыз.

 2. Әдемі дауыспен сөйлеңіз

Тек күйеуіңізбен әдемі, жұмсақ дауыспен сойлесіңіз. Бөгде ер адамдардың көзінше даусыңызды жұмсартпаңыз.

 3. Денеңізден әдемі иіс шықсын, дене бітіміңізге мән беріңіз

– Денеңізді күтіңіз, фитнеспен айналысыңыз;

– Тартымды киім киіңіз, жұпар әтір себіңіз;

– Үнемі суға түсіп, етеккірден кейін тазаланып тұрыңыз;

– Күйеуіңіз сізді таза емес киімде көруді болдыртпаңыз;

– Тиым салынған әшекейлерден аулақ болыңыз, мысалы денеге сурет салудан;

– Күйеуіңізге ұнайтын иістерді, түстер мен киімдерді қолданыңыз;

– Уақыт өте шашыңызды өзгертіп, әтіріңізді ауыстырып тұрыңыз;

– Алайда мұның барлығында асыра сілтеуге берілудің қажеттілігі жоқ, және әдемі кейіпте тек махрам еркектер мен әйелдердің көзінше жүріңіз.

 4. Жақындасуды әдемілеңіз

– Еріңіз қалаған уақытында жақындасуға асығыңыз;

– Денеңіз таза болып, жұпар әтір себіңіз, жақындасқаннан кейін мұқият тазаланыңыз.

 5. Алла тағаланың бергеніне қанағат етіңіз

– Күйеуіңіздің кедейлігінен немесе қарапайым қызметте болған себебінен күйзеліске түсуден аулақ болыңыз;

– Кедей, сырқаттанған, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарап, Алла тағалаға берген нығметтері үшін шүкіршілік етіңіз;

– Нағыз байлық иман мен ізгілікте екенін ұмытпаңыз.

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: