HALYQLINE.KZ Күндіз-түні келген талап-арыздың ақ-қарасын анықтап, кінәліні табуда еңбек ететін тергеушілердің қызметі қауырт. Ақиқатқа қол жеткізетін тергеуші қызметі – терең білім мен тиянақтылықтықты талап ететін іс.
Алтыншы сәуір еліміздің тергеу саласы қызметкерлерінің төл мерекесі. Дәстүр бойынша, бұл күні полиция қызметінде тергеуші ісіне ғұмырын арнаған азаматтарға құрмет көрсетіледі. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Ахметов Ерлан Сейділдаұлы және полиция полковнигі Ибраев Дәурен Алпысбайұлы бастаған қызметкерлер тобы Аширов Арыстан, Рахымов Тастемір Сауранбайұлы, Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы, Тажигулов Сәбит, Бурханов Талғат Темірұлы, Анарбаев Нұрлан Сансызбайұлын және тергеу саласында қызмет атқарған ардагерлерді құттықтады.
Тергеу қызметі саласының ардагері Аширов Арыстан өзінің еңбек жолын 1966 жылдан Қызылорда облысы Жалағаш АІІБ-нің тергеушісі, аға тергеушісі болып бастаған. 1971 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталған. Бұл тергеушіге деген құрмет пен бағаның ең үлкен белесі еді. 1974 жылы Қазақ КСР ІІМ-мен «Үздік тергеуші» деп танылған. Ішкі істер органдарында қызмет атқарған жылдары 31 рет марапатталған.
Отарбаев Ғани Сырмағанбетұлы еңбек жолын 1980 жылы Қызылорда қалалық ішкі істер органында, яғни қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімшесінде милиционер қызметінен бастаған. Тергеу, Анықтау басқармаларында басшы қызметінде жұмыс атқарған.
Осы қызметтерде жүріп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Қазақстан полициясына 15 жыл» омыраулық белгісі, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, бірнеше мәрте Құрмет грамотасымен марапатталған.
Бүгінгі күні тергеу ісінің ыстығы мен суығына төзген ардагерлер жас полиция қызметкерлерін кәсіптерінің шеберліктеріне үйретіп келеді. Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагер тергеушілер Департамент басшылығына алғыстарын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!