Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аттілі (Аттила) немесе Еділ батыр туралы аңыз

04.04.2021, 10:00 1512

HALYQLINE.KZ Аттілі  (Аттила) – түркі-қазақ тілінде осылай аталуы тиіс. Ежелгі қазақтар көне заманда көшпелі халық болған соң, балаларының есімін төрт түлік малдың  атымен атай берген. Бұған таңғалуға болмайды:  ұлдарын «Тұяқ», «Нарбұқа», «Кетбұқа», «Қойбағар», «Қозыбақ», «Наржігіт», «Тайжігіт» атаса, қыздарына «Еркетай», «Құлан», «Бөрте», «Бота», «Ақбота» «Нарқыз» деген есімдер берген. Еділ бойындағы (Волга) ғұндардан шыққан соң, қазақтар Аттіліні жалпы түрде Еділ батыр деп те атайды.

Өздерін «Күн» немесе «Ғұн» деп атау сол замандағы көшпелі Алаш жұртында көнеден қалыптасқан. Ю.Яко­вецтің «История цивилизации» монографиясында былай дейді: «Их предки были свободными людьми – детьми великих степей, их называли гунны или хунны. Сами они называли себя детьми Солнца или самим солнцем – Кун, Гун, что по гунский и по казахски означает солнце».      Еділ (Волга) өзенінің бойынан кәрі құрлыққа қарай әлемге әйгілі даңқты жорығына шыққанда,  Аттілі (Аттила) жолында қазіргі Русьті кездестірмеген. Ол кездерде солтүстіктегі көршіміздің мемлекеті тұрмақ, князьдықтары да құрылмаған. Ормандарда өз денесінен  шығатын зәрімен  беті-қолын жуып, балық аулап, аңшылықпен айналысып,  ормандарда жабайы түрде күн көрген. Бұл Еуропа ғалымдарының дәлелдеген шындығы. Осы  дәстүрді олар қазіргі күнге дейін  ұс­танады. Бойына  қотыр шықса немесе бір жерін жырып кетсе, «насыбайларының суын» пайдаланады.

Сонымен, кәрі құрлық жеріне шаңдатып кірген Аттілі бастаған ұлы жорық төрт ғасырлық Рим империясына оңдырмай соққы берді. Көшпелі Ұлы қағанаттың күш-қуаты мыңжылдық Римді шошытып жіберген еді. Егер орыс тілінде айтатын болсақ, «Рим – вечный город», – был национальной идеейРимской империи. Көшпелі ғұндардың соқ­қысынан кейін бұл мәтел жайына қалды. Сол бір уақытта Рим империясының қарамағында 100  миллиондай халық болған екен (Патрик Ховорд. «Аттила – король гун­нов. Человек и миф»).

 Қалай десек те, Аттіліне қарайтын ғұндар соншалықты  көп емес еді. Бірақ жауын­гер­­лері соғысқа қабілеті жағынан римдік­терден екі-үш есе асып түсетін. Ат үстінде шебер соғысатын. Рим империясына қа­рай­­тын жауынгерлер көбіне жаяу жүріп, флангалық ұрыс жүргізетін. Тек темір сауытты рыцарьлары болмаса. Шауып келе жатқан ғұн сарбазы оларға жақын­дамай-ақ шалма лақтырып, атынан аударып тү­сі­ретін. Римдіктер қанша ғасыр бойы Еуропа­ның барлық ұлттарын үйіндегі итіндей  бағындырып, олардың  санасына «біз құлдармыз» деген сөзді сіңіріп, қалыптастырған еді. Жеке халық болып, дербес мемлекет құруды ой-санасынан біржолата сығып  тастаған.      Көшпелі ғұн империясы адам шошырлық гладиаторлар соғы­сын ойлап тауып, кісінің  қанын судай шашып, өздері содан кереметтей ләззат алып, адам баласын мазақ қылған Ұлы Римнің күлін көкке ұшырды. Каталаун жазы­ғын­дағы (қазіргі Франция аумағында)  мың жылда бір болатын ұлы шай­қас тұтас Еуропа ұлттарын  мәңгілік құл қылып  ұстаған  Римді оңдырмай бүк түсірді. Герман, Пари, Гот, Норман, Викингтер және тағы басқа толып жатқан ұлттар  мен ұлыстар  өз бостандығын  алып кетті.

Осы арада аздап шегініс жасап, мынаны айта кеткенді жөн көрдік: Атақты ғалымымыз Әлкей Марғұлан «Қозы Көр­пеш – Баян сұлу» дастанының дүниеге келгеніне 4000 жыл болған» деп жазыпты. Сонда бұл дастан сақтар  заманында туған ғой. Осыған қарап, біздің қазақтар ежелден сақтар, ғұндар, түркілер және Алаш жұрты болып қазіргі заманға түрлі атаулармен жеткен десек, қателеспеген­іміз. Ендеше осыны басшылыққа ала отырып,  Аттілі немесе Еділ ба­тыр қазақтың төл баласы болғанына 100 пайыз сенуіміз керек қой.       А.Н.Бернштам былай деп жазады (сіз бен бізге нақтырақ болсын деп, орысшасын  келтірдік): «Гунны сыграли свою историческую роль,приняв участие в крушенииогромной многоэтничной и разнородной Рим­с­кой империи, на политической кар­те Евро­пы появились новые государственные образования. Вот в этом то и была главная заслуга гуннов и гения Аттилы перед мировой ци­вилизацией». 

Аттілі (Аттила) – Еділ батырға  өткен жылдары 1600 жыл толды. Кәрі құрлықтағы адамзат тарихында ерекше орны бар ұлы Рим империясын құлатып, ондағы бодандықта жүрген жүздеген ұлттарға азаттық  алып берген ұлы ханға және батырымызға Алматының Көктө­бе­сінен немесе Нұр-Сұлтан қаласының  орталық алаң­дары­ның бірінен алып ескерткіш тұрғызып, бүкіл әлемге мақта­ныш­пен көрсетуімізге болар еді.

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: