Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жошы Ұлысы – тәуелсіздік алу кезеңінің басы

06.03.2021, 12:00 953

HALYQLINE.KZ Жошы Ұлысының алғашқы ханы Батудың немересі Меңгу-Тимур болды. Түркі халқы оны Келек хан деп атады. Ол Берке тірі болған кезде заңды тақ мұрагері болып саналды. Таққа отырған Меңгу-Тимур хан тутулына ие болып (бұған дейін Жошы Ұлысының билеушілері мұндай титулды ешкім алмаған) өз атынан жеке жапсырмалар мен монеталар соғып шығара бастады, бұл тәуелсіз мемлекет билеушісінің белгісін көрсетті. Оның билік құру кезеңінен бастап жошылық монеталар Алтын Орда билеушісінің жаңа титулы – «ұлық хан» және «Бату ұрпақтарының (босағасының) таңбасы» атауларымен шыға бастады, бұл мемлекеттің тәуелсіздігін көрсетті.

1269 жылы өткен Талас құрылтайынан кейін Жошы Ұлысын бұрынғы «бауырлас» ұлыстар тәуелсіз мемлекет деп таныды. 1269 жылы тәуелсіздікке ресми қолжеткізген Жошы Ұлысында реформалар жүріп, экономика өсе бастады.

Меңгу-Тимур таққа отырғаннан кейін бірден бүлікшілерге қарсы жорық жасады. Меңгу-Тимур хан тұсында Жошы Ұлысының барлық территориясы бойынша билік нығайды. Осы себептен Алтын Орда экономикасының дамуы жаңа қарқын алды. Халықаралық сауда-саттық өсіп, жаңа қалалар салына бастады, ескі орталық қалпына келтіріліп, Қырымда генуэзстік сауда факторлары пайда болды.

Талап құрылтайындағы 1269 жылғы келісім бойынша үш ұлыстың билеушілері өздерінің көшпенді билігі бұрынғыдай жаулап алынған қалалар мен отырықшы елдімекендерді жойып жібермеуге тағы да ант берісті. 1268 жылы Жошы Ұлысы мен Мысыр арасында дипломатиялық қарым-қатынас нығайды. Меңгу-Тимур 1270 жылы Мысырдың мәмүлік сұлтандарының ильхан титулын алу талаптарын заңды деп мойындады.

1275 жылы Меңгу-Тимур хан вассальды және ұлысқа бағынатын территорияда салық алу көрсеткішін анықтау үшін Жошы Ұлысында, оның ішінде орыс княздығында халық санағын өткізді.

Меңгу-Тимур билігі тұсында оң қанаттағы Жошының шөбересі Ноғай билігі күшейді. Оның генеалогиясы былай айтылады: Ноғай, Татар ұлы, Бувала ұлы, Жошы ұлы. 1277 жылдың қысында Меңгу-Тимур хан орыс әскерлерін жинап Кавказ тауларында мекен ететін алан мен черкестарды жаулап алды. Меңгу-Тимур билік еткен кезеңді Жошы Ұлысының (Алтын Орда) тәуелсіз дәуірінің басы деп айтуға толық негіз бар. Меңгу-Тимур хан 1282 өңешінде жарадан көз жұмды.

Меңгу-Тимур хан көз жұмғаннан кейін, орталық биліктің ықпалы әлсіреп таққа оның кіші інісі Туда-Меңгу отырды. Туда-Меңгудің билікке келуіне Ноғай мен Берке мен Меңгу-Тимурдың жесірі Жиджек қатын қатты ықпал етті.

Туда-Меңгу мұсылман дінін қабылдаған және өзін суфии деп атады. Мысыр сұлтандары бұл фактіні қуанышпен қабылдап, 1284 жылдың наурызында Туда-Меңгудің таққа отыруына байланысты мысыр сұлтандары құттықтау мен көптеген сыйлық жіберді. Туда-Меңгу билігі кезінде Алтын Орданың элитасының ислам дінін қабылдау процесі қарқын алды.

Кейбір деректерге қарағанда, Туда-Меңгу тақтан өз бетімен бас тартқан. Осыдан кейін Жошы Ұлысының билігіне жошылықтардың жаңа толқыны келді. Бір мезетте Туда-Меңгу ханның ағасы Тарбудың ұлдары Тула-Бука және оның туған бауыры Көншек және Меңгу-Тимурдың ұлдары Алгу мен Тогрул хан болып, билік жүргізді.

1291 жылы олар Ноғай мен Тоқты (Меңгу-Тимурдың ұлы) коалициясын құлатты. Тоқты таққа отырғаннан кейін бұған дейін жүргізілген саясатты жалғастырды және православ шіркеуінің артықшылығын мойындады және оларды алым-салықтан босатты. Ал Тоқтының өзі нағашы, атасы мен әжесі, нағашы ағасы сияқты буддизм дінін ұстанды. Ал Ноғай мұсалман дінін қабылдады. Діндердің қайшылығы басында проблема болған жоқ. Кейін уақыт өте келе Ноғай мен Тоқты келісімге келе алмай, азаматтық соғыс басталды.

1299 жылы Тоқты Ноғай билігін жауап алуға аттанды. Шешуші шайқас Днепр өзенінің бойындағы Ноғайдың ескі кигізүйі орналасқан Қоқанылық елді мекенінде болды. Шайқан күні бойына жалғансып, Ноғай жеңіліп қалды. Шау тартқан Ноғай тағдырына бой ұсынып, қарапайып сарбаздың қолынан қаза тапты. Осы жеңістен кейін Тоқты елордаға оралды.

Тоқты билік құрған соңғы жылдары ұлыстағы элитаны өзінің бақылауына алды. Жошы Ұлысында орталықтан басқару нығайып, саяси тұрақтылық пен тәртіп орнады. Кейінгі ұрпақтарға қалған аңыздардың бірінде «Тоқты билік еткен кезеңде Ұлыстағы барлық халық ауқатты әрі бақытты өмір сүрді» деп жазылған. Тоқты билік құрған соңғы жылдары оның сенімді серіктерінің бірі әрі бауыры Бурлық қайтыс болады, ал Тоқта қайтыс болардан бір жыл бұрын ханның ұлы және мұрагері Ілбасар көз жұмады.

Авторы белгісіз

Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: