Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

28.02.2020, 10:07 760

Кеше қала әкімі Н.Нәлібаевтың «Құқық қорғау қызметтері орталығында» ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қоғамдық қабылдауы таңғы сағат 09.00-ден басталып, 14.00-ге дейін жалғасты.

Естеріңізге сала кетейік, әр айдың соңғы бейсенбісі күні осы орталықта қала әкімі тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастырып келеді.

Бұл қабылдауға 200-ге жуық қала тұрғындары келіп, өзін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді. Қала әкімі әр тұрғынның мәселелерін жеке тыңдап, әр мәселе бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырма берді. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігінің мәселелері дер кезінде шешімін тапты.

Жалпы, қала әкімі Н.Нәлібаев 2019 жылы 5 мыңға жуық қала тұрғындарын қабылдаса, биыл жыл басынан бері 3 рет 500-ден аса қала тұрғындарымен кездесті.

Айта кету керек, қала әкімі жыл көлемінде осы орталықта әр айдың соңғы бейсенбісі күні өтетін қоғамдық қабылдаулардан бөлек, апта сайын бекітілген кестеге сәйкес және күнделікті қажеттілігіне қарай қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып келеді.

Мұнымен қоса, «Ашық әкімдік» жобасы аясында қалаға қарасты 9 кент, ауылдық округтер мен қаланың басқа да аумақтарында қабылдаулар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Қалалық ішкі саясат бөлімі

Пікірлер:
  • Ешкандай да маселе шешпейди. Маселемди кол астындагы кызметкерине тапсырып еди, жумыска орналастыр деп. Акимнин созин кайтсын ол. Акимнин ози жай сойлеп, жубатып, басыннан сипагандай шыгарып салады да болды. Все для галочки, и все на камеру работают! 11ж болды уй кезегинде турганыма, 2 ай болды жумыссыз отканыма. АСП га тапсырайын десен, сонгы квартал табысы асып кетеди, бари занга сайкес кой, ештеме истей алмаймыз дейди. Кудды оздери занды белшесинен баспай, адал жумыс жасайтындай. Шаш ал десе бас алатындар!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: